Бүгін 4 параспортшымыз жарыс жолына шықты
«Шексіз мүмкіндікке ие!» Италия төрінде жалауын желбіреткен Паралимпиада ойындарын осы сөздермен сипаттауға болатындай. Қайсар жандар жарысының алғашқы күнінде 4-жерлесіміз жүлдеге таласты. Оқиға орынан ақпарат таратуға аттанған әріптесім Азат Қадырбек жарыс күніне шолу жасайды.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық квартет пара биатлонның қос бағдарламасында жүлдеге таласты. Әрине, жанкүйерлер назары Ербол Хамитовта болды. «Отырып жарысу» санатының 7,5 шақырымы Ербол үшін оң жамбасына келетін қашықтық болмағанымен «Гаухар глобус» иесі аянып қалған жоқ. Бірақ ату аймағындағы жалғыз қателік жерлесімізді жүлдеден қақты. Өткен маусымның қорытындысы бойынша Әлем кубогы жалпы есебінің жеңімпазы 20 минут 47 секундта мәре сызығын кесті. Және 28 пара биатлоншының ішінде 8-нәтижені тіркеді.
Ербол Хамитов, Пара Биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Келесі отандасымыз Сергей Усольцев мәреге 18-болып жетсе, Юрий Березин бұл қашықтықта 25-ші. Ал спринттің «тұрып жарысу» санатында Александр Герлиц ел намысын қорғады. Бейжің Паралимпиадасының қола жүлдегері - аталмыш жарыс бөлімі фавориттерінің бірі. Алайда ату аймағындағы 3 қателік жерлесіміздің жоғары уақыт көрсеткішін тіркеуге кедергі болды. Герлиц жарысты 11-болып аяқтады.
Александр Герлиц, Пара Биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Ауа температурасының 0-ден жоғары болуы жарыс жолындағы жылдамдыққа тікелей әсер етті. Десек те, бүгін бәсекенің алғашқы күні. Бапкерлермен кеңесіп, жарыс күнін талдаймыз. Маған қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлеге алғысым шексіз.
Ал халықаралық әйелдер күнінде алғашқы күннің төрттігі қайтадан өз бақтары сынап көреді. XIV қысқы Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалап, жерлестерімізге бірге жанкүйер болайық.
Азат Қадырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы