Әуезов театрында дәстүрлі «Қара шаңырақ-2019» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуезов театрында дәстүрлі «Қара шаңырақ-2019» фестивалі өтті

23.04.2019

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік драма театрында дәстүрлі «Қара шаңырақ-2019» фестивалі аяқталды. Шара аясында театр ұжымы көрермендерге 4 жаңа қойылым ұсынды.

Маусымның жабылу салтанатында 19 атау бойынша сыйлықтар табыс етілді. Мәселен, әкемтеатр басшылығы фестивальға қатысушыларды, театр ақсақалдары мен бұқаралық ақпарат қызметкерлерін арнайы жүлделермен марапаттады.

Сонымен қатар, мерекеде ұсынылған Антон Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым», Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», Лев Толстойдың «Анна Каренина» және ақын Бақыт Беделханның «Ұлым, саған айтам» спектакльдерінен үзінділер қойылып, шара мерекелік кешке ұласты. Атап айтсақ, 95-ші жылдан бері «Театр көктемі» атауымен өткен фестиваль биыл «Қара шаңырақ» атауымен жаңа форматта өтті.

Сәбит Әбдіхалықов, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры:

- Бұл - театрдың ішкі мерекесі. Өзімізді бағалап, қаншалықты дәрежеде театр жұмыс жасап жатыр? Біз қойылымдарды көрермендерге қандай дәрежеде сыйлап жатырмыз? Оның кәсіби деңгейі қандай? Әрине, сыншылар спектакльден кейін өздерінің сындарын, кәдімгідей аямай айтады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейді.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу