18 миллионнан аса сақтандыру келісімшарты жасалған
Қазақстан аумағының 75 пайызы табиғи апат қаупі төніп тұрған аймақтар қатарында. Көктемгі су тасқыны, жер сілкінісі мен жазғы қуаңшылықтың бізді айналып өтуі сирек. Дей тұрғанмен еліміздің сақтандыру саласында ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, Қазақстан Орталық Азияда табиғи апаттармен күресте көш бастап тұр. Былтыр 18 млннан аса сақтандыру келісімшарты жасалған.
Қазақстан соңғы жылдары табиғаттың тосын мінезін жиі сезіне бастады. Мәселен, 2024 жылы бірқатар өңірде су тасып, жүз мыңнан астам адам зардап шекті. Мыңдаған үй бүлінді. Қираған ғимараттарды қалпына келтіруге бюджеттен миллиардтаған ақша бөлінді.
Әзіретәлі Нысанов, «Евразия» сақтандыру компаниясы филиалының директоры:
Көбіне сақтандыру көп пәтерлерде жоқ. Қазір тек мемлекет көмектесіп жатқан. Үлкен компаниялар көмек берді. 99,9 пайыз сақтандыру жасалған жоқ. Судың астында қалды. Олар сақтандыру жасағанда мемлекетке нагрузка болмайтын еді. Мемлекет төледі. Қарайған көп ақша ғой былай қарағанда. Менің ойымша, қарапайым азаматтарға ол қымбат та болмайды әрбір жанұяға.
Иә, апат айтып келмегенімен қайтып келеді. Сондықтан Қазақстан тәуекелді тек бюджет арқылы жабумен шектелмей, сақтандыру жүйесін жүйелі дамытуға кірісті. Былтыр 18 миллионнан астам сақтандыру келісімшарты жасалған. Жалпы қаражат көлемі шамамен 4 трлн теңгеге жуықтады. Ал сыйақы сомасы 1,7 трлн теңгеден асқан. Бұл оның алдыңғы жылға қарағанда 12,5 пайыз көп. Соның арқасында еліміз сақтандырудың кең таралған түрі апаттық облигацияға көшеді,- дейді сарапшылар. Бұл - табиғи апат шығынын өтеу үшін мемлекет ақшаны алдын ала инвесторлардан тартып, дайын қор жасап қоятын қаржылық тәсіл.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:
Американың мысалын алатын болсақ, 100 млн долларға сақтандыратын болса, соның 85 миллионын мемлекеттен ала алады. Ал егер апат болмай қалса, сол қаржы салушы инвестор жеке азамат болуы мүмкін, ол үлкен компания болуы мүмкін немесе мемлекет өзінің маңызды обьектісін сақтандырған болса, қордан ақша алады. Егер ондай жағдай болмаса, ол айына 6,5 пайыз үстінен өсім көріп отырады.
Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы сақтандыру нарығын дамытқан алдыңғы қатарлы ел болып отыр. Әлемдік банк Financial Development Database деректеріне сүйенсек, елімізде сақтандыру сыйақыларының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,472%. Көршілес елдерде бұдан 2-3 есе төмен. Ал осындай климаты құбылмалы аймақтарда төтенше жағдайға қарсы қаржылық қолдау шараларын күшейту аса маңызды,-дейді мамандар.
Талғат Кертешев, Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университетінің қауымдыстырылған профессоры, эколог:
Климат өзгеріп жатыр. Міне биыл Алматыда қыс болған жоқ. Енді көктемге жақындаған кезде қысқы қар мен жаңбырлар өте көп болып жауып жатыр. Оның барлығы климаттың шұғыл өзгерісі деп білеміз біз экологтар. Сол себепті бана мен айтқан сияқты бүкіл әлемдік бойынша болжамдар бар. 2030,2035,2040, 2050 жылға дейін барлық жерде дүние жер бетінде біздің планетамызда табиғаттың жылулығы артады, жоғарылай түседі. Температурасы жоғарылайды, жоғарылаған кезде ең алдымен не болады? Орман өрттері пайда болады.
Қазақстанда 200 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері бар. Құрғақшылық немесе су тапшылығы астық экспортына тікелей әсер етеді. Бұрын мұндай жағдайларда фермерлер көбіне мемлекеттік қолдауға сүйенетін. Қазір сақтандыру арқылы шығынды бөлу тетіктері біртіндеп қалыптасып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы