Басты Жаңалықтар «Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат еліміздегі 2 жарым миллионнан астам қарияның өмірлік тәжірибесі мен жастардың жалынды қуатын біріктірмек. Енді қос тарап ауылды дамыту мен ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытында бірлесе жұмыс істемейді.

Мақсат — аға буынның белсенділігін арттырып, ауыл қарияларын жастармен бірлескен жобаларға тарту. Жиында партия төрағасы Серік Егізбаев ардагерлердің ақыл-кеңесі маңызды реформаларды жүзеге асыруда таптырмас құндылық екенін атап өтті.

Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:

«Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» акциясын біздер қоғам болып өмірге енгізуіміз керек. Соны жүзеге асыратын бүкіл қоғамдық ұйымдар мен саяси ұйымдардың бастарын біріктіру керек деген ұстаныммен ең алғаш меморандумды «Ардагерлер кеңесімен» бастадық.

Тараптар Президенттің қоғамдық-саяси реформаларын қолдай отырып, ұлттық құндылықтарды бірлесе дәріптемек. «Ардагерлер ұйымы» төрағасының айтуынша, жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік тәжірибемен бөлісу бүгінгі күннің басты талабы.

Әбілғазы Құсайынов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы:

Біз қазіргі уақытта әрбір үлкен ұйымдармен осындай меморандум арқылы бірлесіп жұмыс істеуге дайындалып жатырмыз. Жас буынның ішінде көптеген қателіктер бар, сол қателіктерге тосқауыл қойып бірге жұмыс істеп, тәрбиелеп, дұрыс қалыпқа келтіру басты мақсатымыз.

Ынтымақтастық аясындағы жұмыстар осы маусым айында іске аса бастайды. Партияның «Қаз-хабы» жобасы аясында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы аудан тұрғындарына 21 мың қаз балапаны тегін таратылып, олардың кәсіппен айналысуына жағдай жасалмақ.

Бөлісу