«Дала фольклорының антологиясы» атты жинақтың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала фольклорының антологиясы» атты жинақтың тұсаукесері өтті

19.04.2019

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дала фольклорының антологиясы» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Шараға қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, «ұлт руханиятының жауқазындарын насихаттауға бағытталған осындай ірі жобаларды, мемлекет әркез қолдайтынын айтты».

Жинақты «Qazaq radiolary» серіктестігінің ұжымы құрастырған. Оған алтын қорда сақталған ертегілер, батырлар жыры, айтыс өнері, шешендік сөздер, күй-термелер енген. Антологияның мобильдік нұсқасы да әзірленбек. Ұлттық мәденитеттің маңдай алды туындылары жинақталған топтаманы әлемнің кез-келген бұрышындағы қазақ тыңдап, танысуы үшін мобильдік қосымша әзірленбек. 

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Ең алдымен бұл жоба арқылы балаларымыздың санасына бабаларымыздың бай мұрасын сіңіреміз. Ұлы даламыздың ұлы фольклорын біліп өскен ұрпақ ешқашан ұтылмайды.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу