Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына салатын инвестиция көлемін ұлғайтты
Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына соңғы 4 жылда 5,2 миллиард доллар инвестиция құйған. Салыстырмалы түрде бұл қаржы бұған дейінгі 15 жылдағы инвестиция көлемімен пара-пар. Банк 2025 жылға дейін 1 миллиард доллардан салып келсе, былтырдан бастап 1,5 миллиард долларға өсті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовтың кездесуінде айтылды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Қазақстанның Еуразилық даму банкінің ағымдағы инвестициялық портфеліндегі үлесі бүгінгі күні 64,9%-ды құрайды.
Қаржының негізгі бөлігі өнеркәсіпті дамытуға, энергетика саласында, көлік инфрақұрылымы мен қаржы секторына бағытталған. Ал Үкімет басшысы мемлекеттің қазіргі басымдықтарына сәйкес келетін базалық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы