Конституциялық кеңес мүшелері мен жас сарапшылар Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Бірпалаталы парламент унитарлы мемлекетке сай келетін басқару формасы. Конституцияның жаңа жобасында ұсынылған бұл өзгеріс заңдардың сапалы әрі жан-жақты зерделеніп қабылдануына мүмкіндік береді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жанындағы диалог алаңында осындай пікір айтылды. Конституциялық кеңес мүшелері мен жас сарапшылар Ата заңның жаңа жобасындағы негізгі ережелерді талқылап, пікір алмасты. Спикерлер жобадағы негізгі бағыттарды түсіндірді. Жастардың сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, қатысушылар бірпалаталы парламент пен Қазақстанның Халық кеңесінің рөлін, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалы туралы ой бөлісті. Бұдан бөлек, цифрлық құқықтар мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты нормалар да кеңінен талқыланды.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
Жаңа Конституция жобасын талқылау әртүрлі эксперттермен соның негізін ашу – ол өте үлкен мақсат. Өйткені Конституция – бұл біздің ең басты заңымыз ғой, Ата заң дейді. Сондықтан оны әр азамат білу керек. Тағы бір үлкен мәселе ол қазіргі мынау цифрлы қоғам. Цифрлық қоғамда ол өте бөлек өмір. Онда адамдар бір-бірін тек құрметтемейді, оның үстінен бір талай жалған сөз шығады. Оның үстіне буллинг, дейді сондай пайда болды. Сондықтан соған да қарсыластыру мәселелер туындап жатыр. Заңда реттеліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы