Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
Қазақстан мен
Беларусь арасында заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу, цифрландыру, жасанды
интеллект, мәдениет, білім және жастар жобалары бойынша ынтымақ артпақ. Мәжіліс
төрағасы Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Сапар
аясында ол Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесіп, тағы бірқатар
лауазымды тұлғамен жүздесті. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық
әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық ынтымақты кеңейту
мәселелерін талқылады. Мәжіліс спикері Беларусь басшылығына Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар елде талқыланып
жатқан жаңа Конституцияның жобасы Қазақстан Парламентінің құзыретін едәуір
күшейтетінін, қоғамның саясатқа араласуын кеңейтетінін және «Күшті Президент –
ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нығайтатынын ерекше атап
өтті. Кездесу соңында депутаттар өзара ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Қазақстан мен Беларусь – сенімді стратегиялық серіктес. Мемлекеттер басшылары мұны үнемі айтып келеді. Екі ел арасында жемісті саяси диалог жолға қойылған. Өнеркәсіпте, машина жасауда және аграрлық салада кооперациялық байланыс кеңейіп жатыр. Екі мемлекеттің парламенттері де өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуына зор үлес қосуда. Заң шығару ісінде тұрақты тәжірибе алмасу жолға қойылып, достық топтары белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеп жатыр, депутаттарымыздың арасында бекем байланыс орнаған.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08