ЖСДП қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуда
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы конституциялық реформа бойынша пікір білдірді. Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа Конституция жобасында адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Бұл өзгерістер халықтың билікке деген сенімін арттыруға бағытталған. Ата заңды талқылауға арналған кеңесте бір палаталы парламент құрудың тиімді тұстары сөз болды. Өзгеріс партиялардың рөлін күшейтіп, сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттырады, дейді. Саяси кеңес мүшелері Конституция жобасының қоғаммен бірлесіп, ашық форматта әзірленгенін атап өтті. Мұндай тәсіл әртүрлі пікірлер мен өңірлік тәжірибені ескеріп, ұзақ мерзімді әрі тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс. Партия өкілдері алдағы уақытта да қоғамдық талқылауларға белсенді қатысып, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстар енгізуге дайын екенін жеткізді.
Мақсұт Насибулов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі:
Көптеген ұсыныстар біздің партиямыздан, аймақтардан, өңірлерден жиналып, бірінші Парламенттік реформа жұмыс тобына берілді. Сосын Конституциялық комиссия жұмыс тобына берілді. Оның ішінде, атап өтетінім, партиямыз жұмыс істеп тұрған 20 жылда парламент бір палаталы болуы керек дегенді ең бастапқы мәселе ретінде көтерген болатынбыз және ол жаңа Конституция жобасына енгізілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы