Өскемен қаласын қою түтін басып тұр
Бүгін Өскемендегі барлық орта мектептегі екі ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды. «Қазгидромет» облыс орталығында үш күн қатарынан екінші дәрежедегі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын хабарлады.
Өскеменде үп етіп жел соқпағалы үш тәулік болды. Салдарынан қала көк түтінге көміліп тұр. Экология депаратаментінің мамандары жылжымалы зертханамен әр аумақтан сынама алып ауа құрамын зерттеп жатыр. Нәтижесінде қалада көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,5 есеге артқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ал кешеден бері ауада күкіртті сутегі көміртегі тотығы, күкірт диоксиді сияқты зиянды металдар шекті мөлшерден асып кеткен. Мұндай химиялық элементтер әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді. Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып тұрғындардың тынысын тіпті тарылтып жібереді. Ертіс пен Үлбі өзенінен көтерілген буда қалаға тұман болып шөгіп тұр. Ал дәрігерлер дәл бүгінгідей ауа ластанған күндері өскемендіктерге далада көп жүрмеуді ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы