Оқушыларға арналған іскерлік практикум өтті
Дүниежүзілік сайлау күніне орай көкшетаулық оқушылар арасында сайлау заңнамасы түсіндіріліп, іскерлік практикум ұйымдастырылды.
Оған шаһардағы 5 мектептің оқушылары қатысып, түрлі тақырыпта өз жобаларын
қорғады. Ал шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы Конституциялық
реформалар Қазақстанның саяси жүйесін дамытып, мемлекеттік институттарды
нығайтады. Сондықтан жастардың қоғамдық-саяси өмірге саналы көзқарасын дамытуды
оқушы кезінен бастау керек дейді.
Алмас Қорғанбеков, Көкшетау
қалалық сайлау комиссиясының хатшысы:
Олардың жұмысын мәслихат депутаты мен аппарат басшысы, сондай-ақ жас сайлаушылар клубының мүшесі бағалайды. Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы алда Конституциялық реформалар болатынын айтты. Осыған орай республикалық референдум өтеді. Ел дамуы үшін маңызды сайлау науқандары жақындап келеді. Сондықтан осындай іс-шараның маңызы зор.
Інжу Жұмабаева, оқушы:
18 жасқа толғанда біз де сайлаушы боламыз, өз таңдауымызды жасап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Осындай іс-шаралар арқылы біз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді түсінеміз, сайлаудың маңызын ұғынамыз және ел өміріне бейжай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасамыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25