Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
Туған ауылым Қармақшы ауданындағы «Алтынасардың» маңында. Сыр бойындағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ сияқты көне өркениет ошақтарының бір символы. «Қызылорда сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз», – деді Президент. Осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болды, еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды. Қызылорда облыстық телеарнасы архивпен жұмыс істеп, деректі фильм түсіріпті. Кадрларымен бөлісті. Осы біз жеріміздегі цивилизацияларды жатқа білеміз бе?.. Айтпақшы, жыл соңына қарай Қазақстанның академиялық тарихының жеті томдығы жарыққа шығады.
Жалпы жеке тұлға ғана емес, ұлттың жан жарақатына анализ жасаудың маңызы зор. Сосын қайта өрлеу.
ХХ ғасырдың бас кезі. Бұл кезеңде қазақ астанасы Орынбор
еді. Қырғыз атқару комитетінің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешов бастаған бір
топ зиялы қауым «ел орталығын қазақтар шоғырланған аймаққа көшіру керек» деген
бастама көтереді.
Қазақстанның астанасы қай қала болады деген мәселе күн тәртібіне көтерілді. Сол кезеңде Сейітқали Меңдешов осы Ақмешітті Орталық комитетке хат жазып ұсынған болатын.
1925 жылы 17 сәуірде Қырғыз АКСР кеңесінің 5 сьезінде
Ақмешіт қаласы республика астанасы болып бекітіледі. Шаһардың атауы Қызылорда
деп өзгереді. Әрі бұдан былай қырғыз деген атау қазақ болып ауыстырылсын Қырғыз
респбуликасы Қазақ республикасы болсын деген қаулы қабылданады.
Шаһарда сол уақытта 10 мыңға жетер жетпес дәлірегі 9993
адам өмір сүрген. Басты аргумент қалың қазақтың ортасы, тоғыз жолдың торабы,
Ташкент темір жолының бойында, Сырдарияның сағасында орналасқаны еді.
1925 жылға дейін Қызылорда қаласы астана болғанша көптеген науқастарды Ташкент қаласына жіберіп тұратын. Тіс протезін жасау, тіс емдеу үшін Ташкент қаласына арнайы жолдамамен жіберілетін болған. Астана болғаннан кейін тіс протезін жасайтын, тіс емханалары арнайы емханалар ашылды.Керек десеңіз Қызылорда қаласында арнайы ренгтен аппараты ашылған болатын.
Әлеуметтік ғимараттар салынып, су құбыры мен электр
желісі тартылып жандана бастайды. Айта кететін жайт жер қыртысын зерттеу, мал
дәрігерлік, басқа да ғылыми зерттеу институттары осы Қызылордадан бастау алған.
1925 жылы Қазақ халық ағарту институты Орынбордан Қызылордаға көшіріліп,
онда Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Темірбек Жүргеновтер ұстаздық еткен.
Тұңғыш қазақ театры да Қызылордада ашылған.
Араға бір ғасыр уақыт салып Сыр бойында мемлекет үшін маңызды тағы бір кеңес өтті.
Қызылордадағы құрылтайда мемлекет басшысының руханиятқа қатысты көтерген
тақырыптарының бірі тарихи жарақат туралы болды.
Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін өзге халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы бітпейтін пікірталастар жүргізу – кешегі күнмен өмір сүру деген сөз.
Қоғамдық ғылымдарда бұл ұжымдық жад, мәдени жарақат осы теориялар арқылы түсіндіріледі. Ол не дегеніміз біз өткенде болып өткен оқиғалардың өзі емес қалай есте сақталғандығы, бүгінгі күнге қалай жеткендігі саясилануы немесе саясиланбауы осы секілді мәселелер ұрпақтан ұрпаққа немесе түрлі медиалар арқылы бізге жетіп бүгінгі біздің қоғамдық, ұжымдық жадымызды қалыптастырады.
Бірақ бұл тақырыпқа келгенде аса нәзік шекараны аңғару
керек. Яғни бұл дегеніміз өткен тарихты оқып, зерделемеу деген сөз емес. Ғылымда
мұны Эдвард Саид, Франц Фано, Гаятри Спивак зерттеген постколониялды теория
түсіндіріп береді.
Постколониял теориялар дегеніміз не? Отаршылдықтан кейінгі жағдайды қолға алып зерттеп, отаршылдықтан кейінгі қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, психологиялық жағдайын дұрыстауды, әлдеқайда дұрыс жолға салуды көздейтін теориялар жиынтығы.
Оның да бір тежегіш мәселесі бар. Оған кім жауап береді деген сұрақтан бас тартсақ немесе ішкі мәселелерді талқыламасақ басқаша айтқанда одан ешқандай сабақ алмасақ онда ол керісінше қоғамның бөлектенуіне, жадтың бөлектенуіне алып келеді.
Тек қана құрбан ретінде сезінсек құрбандық позицияға қоятын болсақ ол кезде қоғамның дамуы да, ілгерілеуі де біраз қиындау болмақ. Бұл теориялар тек саяси тәуелсіздікті емес, сананың тәуелсіздігін алуды көздейді. Бізге сол жағынан көмектесе алады деп ойлаймын. Бізге постколониялық теориялар мынадай кеңес береді өз мәдениетіңді, тіліңді, тарихыңды екінші санатта, екінші сортта деп ойлама олай деп санауды тоқтат.
Әлеуметтік ғылымдар зерттеушісі Молдияр Ергебековтің
айтуынша аса мән беруілуі тиіс тағы бір тұс ол - тарих.
Төл тарихыңды қайтадан жаз дейді. Өйткені отаршылдық кезеңде жазылған тарихта көбінесе отарланған қоғам артта қалған еді. Олар көшпенді еді, ешқандай мемлекет болған жоқ оларда, мемлекет системасы болған жоқ, демократия болған жоқ әртүрлі сипаттарменен сипаттағаны үшін ол тарих мәтіндері қазіргі кезде жарамсыз болады. Бұрынғы үнсіз қалған топтардың, қарапайым халықтың, әйелдердің, жергілікті батырлардың дауысын архивтен іздеңіз, табыңыз, оларды сыртқа шығарыңыз дейді.
Осы тұста айтатыны – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Қызылордада өткен құрылтайда жыл соңына қарай қазақ тарихының көлемді
жеті томдығы жарыққа шығатынын хабарлады.
Өзіңіздің ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып қалған білімдерді, ақпараттарды қайта жандандырып оларды қазіргі заманауи ғылым және технологияменен синтездеп қайта тудырыңыз дейді. Бұл экологиялық көзқарастар болуы мүмкін, бұл медициналық көзқарастар болуы мүмкін, бұл философиялық көзқарастар болуы мүмкін бұлар өте-өте құнды.
Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек.Жуырда Астана мен Алматыда Президенттік кітапханалардың құрылысы басталады. Меніңше, бұл нысандар тек кітаптар жиналған жер емес, қазақтың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін орталықтар болуы керек.Төл тарихы мен мәдениетін электронды форматқа көшіріп, оны жаһандық цифрлық өркениетке қосқан елдер ғана ұлттық болмысын сақтап қалады.
«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады»
деректі мұралар тізіміне еніп қойған. Ендігі кезек төрт мың жылдық тарихы бар
«Қаратау петроглифтері де осы тізімге кіруі керек» деді Президент. Демек,
өткенді тек қасірет пен құрбандық тұрғысынан ғана қабылдамай, ғылыми тұрғыда
зерттеп, одан сабақ алу маңызды. Тарих бізді әлсіз емес, керісінше өркениет
қалыптастырған, мемлекет құрған, ойы мен ілімі терең халық болғанымызды
дәлелдей алады. Ендігі міндет — сол мұраны барынша танып, сенім мен
жауапкершілікке негізделген сананы қалыптастыру.