Басты Жаңалықтар Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр

Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр

Қазақстан инновацияларды дамытудың жаңа тұжырымдамасы аясында, өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту және білікті кадрлар даярлау мәселелеріне мән бермек. Мемлекет енді процесті емес, нақты нәтижеге бағытталған жобаларды қолдауға басымдық береді.  Осы орайда Абай облысында ғылым мен инновация саласы жүйелі түрде алға жылжып келеді. Өңірдегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі – Shakarim University базасында бүгінде 2020-2026 жылдарға арналған 88 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Тек 2025 жылы университетте 54 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асып, ғылымды қаржыландыру көлемі 1,4 есеге артқан. Ғылыми инфрақұрылымды жаңартуға шамамен 500 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар ғылыми инновациялық зерттеулерді қолдау мен ғылыми жабдықтарды жаңалауға қомақты қаржы бөлінді.  Енді жақын арада өңірде тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, медицина мен энергетика салаларында бұрын-соңды болмаған ғылыми жобалар іс жүзінде қолданысқа енгізіледі-дейді мамандар.

Нұржан Мұхамедов, ҚР ҰЯО реакторларды құрау және сынау бөлімінің басшысы:

Ұлттық ядролық орталықта қазір 4-ші буынды натримен суытылатын реакторлардың қауіпсіздігін оңтайлау және қауіпсіздігін көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар материалтану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлттық ядролық орталықта ТОКОМАК құрылғысы бар. Осы токомак ITR реакторының материалдарын сынау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Бөлісу