Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
Волонтерлық қызметтің Конституциялық деңгейде бекітілуі - жастардың жұмысына жаңа серпін беріп, олардың әлеуметтік бастамаларда белсенділік танытуына мүмкіндік береді. Қазір елімізде еріктілер саны артып келеді. Мәселен 5 жыл бұрын олардың саны 50 мың болса, бүгінде 300 мыңнан асады. Қазақстан бойынша 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис тұрақты жұмыс істеп тұр. «Ал еріктілер мәртебесінің Ата заңда айқындалуы – азаматтық қоғамды қолдаудың үлкен тетігі» - дейді жамбылдық жастар. Жалпы Әулиеата өңірі де волонтер саны бойынша алда келе жатқан аймақтың бірі. Бүгінде облыста 27 мыңға жуық ерікті жас бар.
Ақәділ Ринат, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының үйлестірушісі:
Еріктілер адал еңбектің алдыңғы шебінде жүрген азаматтар. Қандайда бір жағдай болмасын алдыңғы шепте ақ туын желбіретіп, біздің волонтер жастарымыз жүреді. Волонтерлық ҚР Конституциясымен бекітелді деген біз үшін, волонтерлар үшін өте керемет жаңалық болып жатыр. Бұл жаңалық енді волонтерлардың мәртебесін көтеру мақсатында, волонтерлардың еңбегін бағалау мақсатында бекітілген өте керемет ұсыныс деп білеміз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16