Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
Футбол мерекесі Канадаға да жетті. Маусымның 12-нен 13-не қараған түні Торонто стадионында әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы матчы өтті. Жарыс қожайындары Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойнады.
Ойынның 21-ші минутында еуропалықтар сапынан Лукич Йовоның қақпаға бағыттаған добы дәл кірді. Бірінші таймда Канада құрамасы таразы басын теңестіруге қанша тырысса да қарсыластары оған мүмкіндік бермеді. Тек матчтың 79-шы минутында ойынға тыңнан қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерді қуантты. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Енді мундиальдің үшінші жарыс күнінде қандай матчтар өтетініне тоқталсақ. Астана уақытымен сағат 23:50-де В тобында Қатар мен Швейцария құрамалары кездеседі. 13-інен 14 қараған түні 02:50-де С тобындағы Бразилия мен Марокко арасындағы матч өтеді. Ал таңғы 05:50-де Гаити Шотландияға қарсы ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы