Конституциялық комиссия құрылады
Конституциялық комиссия құрылады. Оның құрамына жүзден астам азамат кіреді. Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар бар. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жалпы бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның қырыққа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз шын мәнінде жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
56 жасқа дейінгі азаматтар әскер қатарына қосыла алады
11.02.2026, 13:32
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері әскери борышын өтеп жүр
11.02.2026, 13:29
Қысқы Олимпиада: М.Шайдоров қысқа бағдарламада 5 орынға шықты
11.02.2026, 13:27
Жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына айрықша мән берілген
11.02.2026, 13:24
Халықтық кеңес – азаматтық қоғамның жаңа тетігі
11.02.2026, 13:21
Баку мен Вашингтон стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды
11.02.2026, 13:09
Колумбия су тасқынымен күресуде
11.02.2026, 13:06
Түркістан облысындағы Ақсу өзені тасып жатыр
11.02.2026, 13:03