Басты Жаңалықтар Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты СІМ мәлімдеме жасады

Қара теңізде Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге жасалған шабуылға байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Қазақстанның ешбір қарулы қақтығысқа қатысушы емес екеніне және жаһандық әрі еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отырғанына тоқталып.

Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған танкерлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшыраған. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Еуропа елдерінің елшілерімен, сондай-ақ АҚШ және өзге де серіктестермен шұғыл байланысқа шықты. Bloomberg-тің жазуына қарағанда қазақстандық мұнайдың іркілісіне байланысты Еуропада мұнай бағасы көтеріліп кеткен. «ҚазМұнайГаз» ҰК хабарлауынша, былтыр желтоқсанда Каспий Құбырындағы шектеулерден шамамен 300 мың тонна мұнай басқа бағыттарға жөнелтілген. Қаңтардағы шабуылдан кейін осылай басқа бағыттармен жөнелту жалғасады. 


Бөлісу