Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
Ақмолалық шаруалар старлинкқа қосылып жатыр. Спутниктік ғаламтор – отандық фермерлер мен шаруалар үшін жай ғана байланыс құралы емес, заманауи агробизнестің басты қозғалтқышына айналды.
Бақытжан Мәметханұлы осыдан жарты жыл бұрын «старлинк» сатып алған. 2 мың гектарға жуық егістік алқабы бар диқан үшін бұл тек байланыс құралы емес, шаруашылық жұмысын шеберлікпен жылдам дөңгелетуге үлкен сеп болып отыр. Оның егістіктегі комбайндарына дейін интернетке қосылған. Бұл жердің қай бөлігіне тыңайтқыш аз түскенін дөп көрсетуге, әрі комбайншының отбасымен күні-түні байланыста болуына көмектеседі, - дейді ол. Жалпы жаһандық технологияның қазақ даласына келуі – нақты егіншілік пен цифрлық мал шаруашылығының дамуына және кез келген техниканы автономды басқаруға мүмкіндік беріп отыр.
Бақытжан Мәметхан, кәсіпкер:
Мына «старлинк» осындай далалы жерде өте таптырмайтын құрылғы екен. Жарты жылдан астам уақыт осымен нетеміз. Егін шаруашылығымен айналысамын. Маңызды деген бір-екі комбайнға орнатып қойғанбыз. Күні-түні Wi-Fi істейді, машинаға да орнатылған, шаруашылыққа да орнатылған. Далалы жердің құрылғысы екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы