Келесі жылы 2 АЭС-тің құрылысы басталады
Келер жылы «Балқаш» және «Мойынқұм» атом электр станцияларының құрылысы басталады. Сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлескен, жоғары технологиялық өндірістер де дамиды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты. Барлық келіссөздер Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, мұқият пысықталады. Бұдан бөлек, атом энергетикасына қажетті мамандарды даярлау мәселесі алдыңғы қатарға шығып отыр. Болашақ станцияларда жұмыс істейтін инженерлер мен техникалық қызметкерлер заманауи ядролық технологияны меңгеруі тиіс.
Гүлжан Жарасова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:
Жалпы, елімізде 15 шақты жоғарғы оқу орындары АЭС салуға мамандар даярлауға қатысуда. Ядролық физика, екіншісі қолданбалы физика. Осы бағыттар бойынша мамандар арқылы бізде отандық атом мамандарын даярлауға үлес қосамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы