Басты Жаңалықтар Сарапшы: Қазақстан инвестициялық хабқа айналады

Сарапшы: Қазақстан инвестициялық хабқа айналады

Әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейіп келеді. Қазақстан да шетелдік капитал тарту арқылы экономиканың жаңа бағыттарын дамытуды көздейді. Президент Жолдауында инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторларға қолайлы жағдай жасау және елдің экономикалық әлеуетін нығайту мәселелері көтерілді. Шетелдік сарапшылар Қазақстан Орталық Азиядағы инвестициялық хабқа айналатынын айтады.

Қазақстанның Орталық Азиядағы инвестициялық әлеуеті жоғары. Жалпы, өңірге жинақталған тікелей шетелдік инвестицияның шамамен 66 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Бұл – 156,4 миллиард доллар. Еліміз  алдағы жылдары инвестиция көлемін одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Инвестиция тарту – Президенттің биылғы Жолдауындағы маңызды бағыттардың бірі.

Владимир Грачев, «Әділетті әлем» институтының геосаясат жөніндегі сарапшылар кеңесінің төрағасы:

Қазақстан дұрыс бағытты таңдады. Жолауды мұқият тыңдадым, маңызды детальдарға мән берілген. Маңызды құжат халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Инвестиция да көбейеді. Себебі Қазақстанның әлемдік аренада абыройы жоғары.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазір елімізде инвестор тарту және оларға қолдау көрсету жұмыстары бірізді жүргізілмейді. Сондықтан инвестициялық саясатты бір орталықтан үйлестіретін тұтас жүйе қалыптастыру қажет.

Сергей Афонцев, сарапшы:

Соңғы жылдары Қазақстанда қабылданған шешімдер елдің тұрақты дамуына негіз болып отыр. Қазақ халқының тұрақтылықты, ашықтықты және ұлттық мүддені таңдауы – үлкен көрегендіктің белгісі. Өкінішке қарай, бүгінде ішкі және сыртқы саясатта ең алдымен ұлттық мүддесін басшылыққа алатын мемлекеттер азайып барады. Қазақстан болса, өз бағытын сақтап, ұлттық мүддеге басымдық беріп келеді. Бұл ұстаным экономикалық даму үшін де өте маңызды.

Егер Жолдаудағы міндеттер толық орындалса, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті артып, шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы арта түседі. Бұл өз кезегінде экономикаға жаңа қаржы тартуға, заманауи өндіріс орындарын ашуға және мыңдаған жұмыс орнын құруға жол ашады. Ең бастысы, инвестиция көлемі ғана емес, оның ел дамуына қосатын үлесі де артуы тиіс.

Бөлісу