Басты Жаңалықтар Жолдау: Сарапшылар басым бағыттарды саралады

Жолдау: Сарапшылар басым бағыттарды саралады

Бүгін Президенттік Орталықта Жолдауда айтылған ел дамуының басым бағыттары мен оларды жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Сарапшылар бас қосқан жиынға Құрылтай депутаттары, шетелдік дипломаттар, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен отандық сарапшылар қатысты. 40-қа жуық маман экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, цифрландыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелерін саралады. Бұрын жер қойнауындағы табиғи ресурстарды игеру және сату ел экономикасына елеулі үлес қосса, бүгінде Қазақстан цифрлық технологияларды нарыққа шығару арқылы табысты еселеуге қауқарлы. Мәселен, eGov және AiSana сынды платформалар көптеген мемлекеттің қызығушылық тудырды. Жиынға жиналған сарапшылар осындай пікір білдірді. Сондай-ақ энергия тапшылығын жою мен атом электр станцияларын салудың стратегиялық маңызына да тоқталды.

Нұрбек Пұсырманов, ҚР ҒЖБМ мемлекет тарихы институтының директоры:

Халық саны өсіп жатыр, демек олардың тұтынатын электр энергиясына да сұраныс артты деген сөз. Одан бөлек технологиялық жаңғырудың да бір бағыты – бұл электр қуатын еселеуіміз керек және бұл басқа мемлекеттерге тәуелді болмай, өзіміздің де электр жүйелерімізді тәуелсіз тұрғыда құрау керек. Бұл бағытта атом станциясын салу да басымдыққа ие. Президент Жолдауында келер жылы атом электр станциясын салуды күн тәртібіне қайта жаңалап шығарды және тездетуді тапсырды.

Бөлісу