Басты Жаңалықтар Мұғалімдер толтыратын құжаттар 5 есе қысқаруы мүмкін

Мұғалімдер толтыратын құжаттар 5 есе қысқаруы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдер толтыратын міндетті құжаттар саны бес есеге қысқаруы мүмкін. Бүгін бұл туралы Оқу-ағарту министрі  Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында мәлімдеді. Мақсат – мұғалімдердің қағазбастылығын азайтып, артық есеп толтыруға кететін уақытты үнемдеу. Сонымен қатар мектептердегі 70-тен астам цифрлық жүйені біріктіру көзделген. Себебі мұғалімдер бір мәліметті бірнеше платформаға қайта-қайта енгізуге мәжбүр. Енді барлық білім беру платформаларын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жоспарлануда.

Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында Жолдауды жүзеге асыру шаралары талқыланды. Әр министрлік өз саласында қандай жұмыс атқаратынын, қандай міндеттерге басымдық беретінін баяндады.    

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Президент жариялаған ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы экономиканың барлық саласындағы түбегейлі инфрақұрылымдық өзгерістер мен реформаларға жол ашады. Жалпы, халықтық жоба жұмыспен қамту деңгейін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға үлкен серпін береді. Бұл Жолдау – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат. Оны жүзеге асыру үшін нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуіміз керек.

Бөлісу