Басты Жаңалықтар Өзбекстанда қазақстандық компаниялар көбейіп келеді

Өзбекстанда қазақстандық компаниялар көбейіп келеді

Өзбекстанда кәсіп ашқан қазақстандық компаниялардың қатары артып келеді. Отандық инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар саны бүгінде 1200-ге жеткен. Басым бөлігі сауда, өнеркәсіп пен құрылыс саласында. Бұл - екі мемлекет арасындағы экономикалық қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Бизнес өкілдері байланысты одан әрі нығайтуға ниетті. Әсіресе азық-түлік өнімдері айналымының үлесі басым. Бұл ретте  ауыл шаруашылығы саласындағы байланысты арттыра түсу көзделген. Агроөнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларға ендігі жерде жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әсіресе бидай мен ет-сүт өнімдерін өңдеу мәселесі өзекті.

Иброхим Абдурахмонов, Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі:

Екі ел арасында сауда-саттықты арттыру үшін инвестициялық жобаларды қолға алып жатырмыз. Өзара тәжірибе алмасудың тиімділігі көп. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда екі мемлекетте де жеткілікті ресурстар бар. Мүмкіндіктерді біріктіру арқылы аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.


Бөлісу