Басты Жаңалықтар Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

Әскери қызметкерлердің жалақысы өседі

1 қаңтардан бастап Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өседі. Жаңа жүйеге сәйкес офицерлердің айлығы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 10 пайызға артады. Бұл – ақшалай қамтамасыз етуді арттырудың екінші кезеңі. Алғашқы кезең 2025 жылы іске асырылып, сол кезде офицерлердің жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 33,9 пайызға көбейген. Сондай-ақ 2025 жылы әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтіліп, тұрғын үй, білім беру және отбасыларды қолдау бағытында бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұған қоса, бұрын тоқтатылған далалық төлемдер қайта беріліп, әскерилерге оқу-жаттығулар мен жорықтарға қатысқан әр күні үшін 1,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлене бастады.

Бөлісу