Құрылысқа қойылатын талаптар күшейді
Елімізде құрылысқа қойылатын талаптар түбегейлі өзгереді. Бұдан былай әрбір жаңа нысан сейсмикалық микроаймақтау карталарына сүйеніп жобаланады. Бұл карталар қай аумақтың қаншалықты қауіпті екенін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа салынатын да, қолданыстағы ғимараттар да сейсмикалық қауіпсіздік сертификатын алуға міндеттеледі. Президент қол қойған Құрылыс кодексі тағы қандай түйіткілді шешеді?
Қазір табиғи қауіп аймақтарында жүздеген үй салынған. Бұрын мұндай аумақтарда 4 қабатқа дейін нысан тұрғызуға мүмкіндік болды. Енді құрылыс ғылыми тұрғыда зерттеліп, сейсмологиялық картада қауіпсіз деп белгіленген жерлерде ғана рұқсат етіледі. Ал ғимараттарға сейсмикалық тәуекел деңгейін айқындайтын сертификат берілуі керек.Нұрдәулет Егізеков, «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы:
Сертификаттау бізге не береді? Осы құрылыс саласындағы мамандардың біліктілігін айқындау. Егер қауіпті жағдай болса, кім қауіпті жағдайға қалыптасуына жол берді? Сол маманды анықтап, құрылыс сертификатынан айыру және де осы салада белгілі бір мерзімде шектеу қояды.«Қазір елімізде 59 мыңнан аса көпқабатты үйдің 1200-ге жуығы қауіпті. Ал 2600-ден аса үйдің тозығы жеткен. Заңда әбден ескірген, апатты ғимараттарды жөндеу тәртібі де көрсетілген. Мәселен, 2029 жылға қарай 1429 көпқабатты үй бұзылады. Ал 30 мыңға жуық адамға жаңа тұрғын үй беріледі», - дейді Мәжіліс депутаты Бибігүл Аққужина.
Сондай-ақ егер белгілі бір нысанда оқыс жағдай болса, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
Диляра Сейітнұрова, ҚР Құрылысшылар одағының мүшесі:
Геологиялық сараптаманы жүргізеді. Жоба сметалық проектісі бар. Соның дұрыстылығын көрсетеді. Құрылыс кезеңі болады. Онда қандай бетон қолданылған, арматура жобаға сәйкес келе ме, келмей ме? Қазірдің өзінде бірінші қабатта коммерция нысандары салып жатыр. Солардың жобалауы көп жағдайда заңсыз, одан кейін ғимаратқа әсер етеді.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің айтуынша, бұған дейін мемлекет құрылыс сапасын толық қадағалай алмады. Енді заң аясында талапқа сай емес құрылыс қылмыстық жауапкершілікке негіз болады. Сондай-ақ құрылыс компаниялары бірыңғай цифрлық тізімге тіркеледі. Соның арқасында әрбір жоба толық бақылауда болады.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Әкімдер әр жерге жер бере беретін. Осының бәрі өзгеріске енгізілді. Кепілді екі жылдан оны жылға дейін көтердік. Барлық деңгейде мемлекеттік бақылау болады. Және аяғында мемлекеттік бақылау қабылдау керек.Заңсыз құрылысқа байланысты тек құрылыс салушылар емес, сонымен қатар заңсыз рұқсат берген лауазымды тұлғалар да тергеуге тартылады. Ал үлескерлермен қарым-қатынаста заңбұзушылықтар болған жағдайда олар ақшаны қайтаруды талап ете алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы