Басты Жаңалықтар Парламенттің заңды түсіндіру және депутаттық бақылау құқығы қайтарылуы керек

Парламенттің заңды түсіндіру және депутаттық бақылау құқығы қайтарылуы керек

Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Ата заңымызға енгізілетін өзгерістердің көптігі сонша, іс жүзінде бұл – жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам» деген болатын. Парламенттік реформаны құптайтынын айтқан Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Мемлекет басшысы тілге тиек еткен парламентарий кәсібилігін көтеру тапсырмасына орай екі ұсыныс айтты.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біріншісі, Парламенттің заңды түсіндіру, яғни «разъяснение закона» құқығын қайтару. Екіншісі, парламенттік бақылау функциясын қайтару. Бұл функциялар 1993 жылғы Конституцияда болған. 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған кезде осы ең маңызды екі қызметі алынып тасталды. Заңмен бекітілген жағдайда, алдағы уақытта депутаттар заң шығарып қана қоймай, әрі қарай оның орындалуына да тікелей әсер етеді.
Бөлісу