Басты Жаңалықтар Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Президент өкімімен құрылған жұмыс тобының алғашқы жиыны былтыр 14 қазанда өткен. Дәл сол күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың ұсыныстарын жинақтау мақсатында e-Otinish платформасы мен eGov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі ашылды. Желтоқсанда өткен екі отырыста халықтан, сарапшылар қауымдастығынан түскен ұсыныстар жан-жақты талқыланды. Бұл жолғы отырыстың негізгі тақырыбы болашақ Парламенттің басқа да билік институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне және бірпалаталы жаңа Парламенттің атауын қарастыруға арналды. Жұмыс тобының Елнұр Бейсенбаев, Азат Перуашев, Марат Шибұтов, Марат Бәшімов, Индира Әубәкірова, Асхат Рақымжанов секілді мүшелері өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жиын қорытындысы бойынша Жұмыс тобының жетекшісі – Мемлекеттік кеңесші келіп түскен ұсыныстардың барлығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырды.


Бөлісу