«Горетти» дауылы Еуропаны дүрліктірді
«Горетти» дауылы Еуропаны дүрліктірді. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен соққан құйынның кесірінен Францияда 400 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Бельгияда қатты жел ғимараттардың шатырын жұлып кетіп, адам өміріне қауіп төндіруде. Мәселенің мән-жайын Брюссельден байланысқа шыққан әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, дауылдан зардап шеккендер бар ма?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Әзірге зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жоқ. Дегенмен жедел желі іске қосылып, биліктегілер тұрғындарға шұғыл шаруа болмаса, үйден шықпауға кеңес беруде. Ағаш құлау қаупінен сақтандыру үшін барлық саябақтар жабылды. Әуе рейстері кешігіп ұшып жатыр. Тіпті бірқатар рейс кейінге шегерілуі мүмкін. Қазір жел сағатына 100 шақырым жылдамдықпен соғып тұр. Кешке дейін дауыл күшейе түседі дейді синоптиктер. Бүгін бір күнде бір айлық мөлшерде толассыз жаңбыр жауып, соңы қарға ұласып, көктайғақ болады, дейді мамандар. Бірақ осындай қолайсыз ауа райына қарамастан, Бельгияда бүгін фермерлер елдің ірі тас жолдарын жауып, ереуілдетіп жатыр.
Шаруалар ереуілге шықты
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Шаруалар ЕуроОдақ пен Меркосур арасындағы келісімге қарсы наразылық білдіруде. Бразилия, Аргентина, Уругвай, Парагвай, яғни Оңтүстік Американың төрт елімен еркін сауда жасау туралы келісімді Еуропалық комиссия екі жыл бұрын бекіткен. Бірақ Франция, Мажарстан, Польша келісімге қарсылық білдіріп, әлі күшіне енбеген болатын. Бүгінгі басқосуда ЕуроОдаққа мүше елдердің елшілері басым дауыспен келісімді мақұлдаса, 12-қаңтарда құжатқа ресми түрде қол қойылады деп күтілуде. Ереуілшілер, келісім мақұлданса, Латын Америкасының сапасыз азық-түлік өнімдері, тауарлары Еуропа нарығын жаулап, әділетсіз бәсекелестік орнайды. Бұған жол бермеу керек деп дабыл қағуда.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19