Мұз үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтамайтындар көп
Қыс мезгілінде мұз ойылып кетуі салдарынан жазатайым оқиғалар жиі кездеседі. Тек Ақтөбе облысында былтырдан бері екі адам суға кетіп, көз жұмған. Әсіресе, айдынның бетіне көлікпен шығу аса қауіпті. Сондықтан құтқарушылар мен полицейлер рейдке шығып, балықшылар мен сол маңдағы халыққа қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп жатыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір біз Ақтөбе су қоймасында тұрмыз. Балықшылар мен таза ауада дем алуды қалайтындар мұнда көп келеді. Өкініштісі, олардың бәрі бірдей талапты сақтай бермейді. Қазір мұздың қалыңдығы 20-25 сантиметр шамасында. Бұл жаяу адамға қауіпсіз. Алайда көлікпен айдынның бетіне шығуға мүлдем болмайды.
Анатолий Ушаков, балықшы:
Кейде полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келіп, ескерту жасайды. Өзім тәжірибелі балықшы болғандықтан қауіпсіздік ережелерін жақсы білемін. Алайда кейбір балықшылардың бұл талаптарды ескермейтіні өкінішті.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Құтқарушылардың айтуынша, өзен-көлдерге балық аулауға баратындар көлікпен мұздың үстіне шығады. Оның арты қайғылы жағдайға соқтырып жатады. Сондықтан мамандар аэроқайық және мұзда жүретін арнайы көліктермен рейдке шықты. Қауіпсіздік ережелеріне қырын қарағандарға ескерту берді.
Аслан Арзымбетов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
Темір ауданында балықшы қайықтан аударылып, суға батып кетті. Сондай бір жағдай тіркеліп отыр. Мұздың қалыңдығы 15-25 см аралығында. 25 см облыстың солтүстік аймақтарында, ал оңтүстікке қарай су айдындарында15 см құрайды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мұздың қалыңдығы барлық жерде бірдей емес. Әсіресе, бұлақ көзі бар жерлерде және қамыс өскен аумақтарда абай болған жөн. Мұз үстіне от жағуға да тыйым салынады. Балық аулауға арналған ойықтардың арасы жақын болмауы қажет. Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16