Басты Жаңалықтар АҚШ-та тары қосылған шай ішетін америкалықтардың қатары көбейіп жатыр

АҚШ-та тары қосылған шай ішетін америкалықтардың қатары көбейіп жатыр

АҚШ-та тары қосылған шай ішетін америкалықтардың қатары көбейіп жатыр. Өйткені, осы дәмді ұсынатын, ұлттық тағамдарды әзірлейтін дәмханалар бар. Шетелде жүрсе де өз кәсібін ашып қана қоймай, оған ұлттық нақыш пен мәдениетті де ұштастырып жатқан азаматтар жайлы бұған дейін де жарқын мысалдарды көрсеткен едік. Енді, тағы бірін тамашалайық.

Бірінші тарымен шай жасап берейін сізге, Америкаға , Хьюстонға келіп, тарымен шай ішіп қайтыңыз.
Тары ғана емес, мұнда түбі бір түркі елдерінің тағамдары жетерлік. Бұған дейін бұл дәмхананың иесі түрік бауырлар болған. Кейін Қуатбек Махмұткәрімұлы кәсіпті сатып алып, дәмхананың атауын өзгертпеген. Құжат рәсімдеу уақытқа шығын. Қазір ас мәзіріне ептеп қазақтың дәмін қосып жатыр.
Қуатбек Махметкәрімұлы, кәсіпкер:
Бізде таза ет, жапырақтап кесілген, әрбір төрт слойдан кейін қойдың құйрықмайы болу керек негізі. Құйрық май бұл жерде болмағандықтан біз қабырғаның майын қоямыз. Біздің донеріміз өте керемет. Қосымша ретінде біз самсаны қосып жатырмыз, манты бар, өздеріңіз көріп отырғандай тарымен қара шай, апаларымыз ішетін соны қостық.
Дәмхананың ашылғанына бір жылға жуықтап қалды. Мұнда 170 адам бір уақытта тамақтана алады. Сұраныс артып келеді. Әсіресе, тары қосылған шайға құмартқандар көп.
Ақерке Ағзамханқызы:
Корея ұлтынан азаматтар бар тарымен шайды ұнатады. Басқа да ұлттар ішіп көріп жатады. Көбісі ұнатып жатыр. Негізі үш апайымыз бар тұрақты клиент сол кісілерге үнемі жасап береміз.
Кәсіпкер тарыны Қазақстаннан, Ақтөбе өңірінен алдыртады. Қазір екі ел арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс жеңілдеген. Жалпы, америкалықтар шайға аса әуес емес. Бірақ, тарының дәмін татқан қонақтар қайтадан келіп, күнделікті бұл шайды тұтынуды әдет қылған.
Адам:
Біз басқа мейрамханада да болдық. Бірақ дәл осы жерді мен 10-нан 10 деп бағалаймын. Себебі біз мұнда осымен бірнеше рет келіп отырмыз. Тамағы да, шайы да дәмді. Бәріміз түгін қалдырмай жеп қойдық.
Қазақстандық кәсіпкер бұл дәмхананың атауын қазақша қойып, дизайнға ұлттық бояуды қосып, ас мәзірінде де төл тағамдарымызды одан әрі көбейтуді көздеп отыр.

Бөлісу