Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Қытай Тайвань аралы маңында бес бірдей аймақты қоршап, ауқымды әскери дайындықты бастайтынын мәлімдеді.  Бұған құрлық, теңіз, әуе және зымыран әскерлерінің бөлімшелері қатысады. Бұл 2022 жылдан бергі алтыншы ірі әскери дайындық.

Түркияда «Даиш» содырларымен қақтығыстан 3 полиция қызметкері қаза тапты. Операция барысында 6 содырдың көзі жойылған. 8 полиция және тағы бір қауіпсіздік күштерінің қызметкері жараланды. Рейд барысында мерт болған содырлардың барлығы - Түркия азаматтары.

Италия полициясы «Хамас» қозғалысын қайырымдылық қорлары арқылы қаржыландырды деген күдікпен тоғыз адамды тұтқындады. Арасында палестиналықтар қауымдастығының президенті Мұхаммед Ханнун да бар. Арнайы рейд кезінде 1 миллион еуродан астам ақша тәркіленді.

Қысқы Олимпиада алауының эстафетасы Аппеннин тауындағы Потенца қаласына жеткізілді. Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпанда болады. Соған дейін факел Италияның 12 мың шақырымға созылған 110 провинциясынан өтуі тиіс.

Бөлісу