Еріктілер еңбегі бағаланды
Алматы облысы Балқаш ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясына қатысып, белсенділік танытқан еріктілер марапатталды.Табиғат жанашырларына құрмет көрсетіліп, олардың экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосқан еңбектері атап өтілді. Айта кетейік, биыл ауданда тазалық шараларына 8 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Еріктілер 28 шақырым арық жүйесін тазалап, 205 көшені ретке келтірді. 11 саябақты күтіп-баптады. Белсенділер жасыл желекті де көптеп отырғызған. Жыл басынан бері 9 мың түп ағаш, 600-ге жуық гүл еккен. Мамандар жоба келер жылы да тұрақты ұйымдастырылады дейді.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54