Ираннан әкелінген 27 құжат Ұлттық музейге қойылды
Иран мұрағат қорларынан әкелінген 27 тарихи құжат Ұлттық музейдің көрмесіне қойылды. Қолжазба көшірмелерінде XIX ғасырдағы еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды дерек бар. Олардың барлығы парсы тілінде жазылған. Мәселен, Иран мен Қазақстан арасындағы саяси-консулдық қарым-қатынастар, көші-қон саласы, шекара, экономика бойынша құжаттар бар. Енді қолжазбаны зерттеп, оны аударуға біраз уақыт кетеді дейді мамандар. Дөңгелек үстелде қазақстандық ғалымдар Тегеранда көне кітаптар көшірмелері әлі де бар екенін, онда Қазақ хандығы, Жошы ұлысы, Алтын Ордаға қатысты құнды деректер болуы мүмкін екенін айтты және өкілетті елшіден дереккөздерге қол жеткізіп, оларды қазақ тіліне аударуға жәрдемдесуді сұрады.
Көптеген біз білмейтін дерек Иранда бар екенін, бірақ кейбір деректер нақты қайда сақталғанын білмейміз. Қазір елшілік өкілдеріне осыны жекізіп, алдағы уақытта солардың көшірмелерін алуға ұсыныстарын бердік. Жақын арада оған да куәгер боламыз деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы