Басты Жаңалықтар Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті

Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті

Қытайда роботтар неміс делегациясын билеп қарсы алды. Ал Дубайда құлтемірлер өрт сөндіру қызметіне жәрдемдесіп жүр.

Ханчжоу қаласына екі күндік сапармен барған Германия канцлерін Қытайдағы роботтар осылай қарсы алды. Сахнада би билеп, сальто жасап, артынша қолғап түйістірген құлтемірлер қонақтарды тәнті етті. Германия көшбасшысы Фридрих Мерц роботтардың өнеріне ерекше қошемет білдірді.

Дубайда өрт сөндіретін роботтар жұмыс істейді

Дубайдың төтенше жағдайлар қызметіне роботтар көмектеседі. Деректерге сай, техника тілсіз жаумен күрескенде суды 60 метрге шашып, минутына шамамен 2400 литр су жібереді.

Мохаммед Ахмад Алсубоси, Төтенше жағдай қызметкері:

Бұл техника икемді қозғалысымен ерекше. Яғни, адам аяғы жете қоймайтын қауіпті аймақтарға және адам денсаулығына қауіп төндіретін улы газ тараған аймаққа да барады.

Робот камерасы бар телефон

Ал Honor компаниясы жаңа телефон моделін таныстырды. Оның қозғалмалы, 200 мегапиксельді камерасы бар. Қызығы, ол телефон иесімен мәтін және дауыс арқылы тілдесе алады. Мәселен, компания ұсынған видеода камера басын изеп, шайқайды. Адамға киім таңдауға жәрдемдеседі. Дизайнмен әрі ерекше шешімімен көзге түскен құрылғыны қытайлық бренд таяуда шығаруды жоспарлап отыр.

Бөлісу