Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді

Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді

Маңғыстау облысында Президенттің тапсырмасымен ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылымдық мәселелер кезең-кезеңімен реттеліп, аймақтағы ауыз су түйткілі толық шешілді. Бұл туралы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалиция мүшелері өңір тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Бүгінде аймақта энергетика жүйесі тұрақтанып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда 13 жаңа мектеп салынды. Экономиканы әртараптандыру бағытында нақты жобалар жүзеге асып жатыр. Алдағы 6 жылда 10 трлн теңгеге 55 инвестициялық жоба іске қосылып, шамамен 10 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ. Коалиция мүшелері облыс тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен жүздесті. Жаңа Конституция жобасы талқыланып, оның негізінде әділеттілік, теңдік, заң мен тәртіп қағидаттары жатқаны айтылд. Құжатта адам капиталын дамыту, ғылым мен білімді қолдау, экологияны қорғау, лайықты еңбек пен әлеуметтік кепілдіктер басым бағыттар ретінде айқындалған.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Осы қадамдардың өзегінде әділеттілік, теңдік пен бірлік идеясы тұр. Заң мен тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс берген басты құндылықтарымызға, негізгі қағидаттарымызға айналды. Жаңа Ата заң – осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі, мұның бәрі халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, преамбулада көрініс тапқан құндылықтар, халықтың қалауынан туған қағидаттар – бәрі Президенттің жүрегінен шыққан деуге болады.

Кездесуде Конституция жобасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, цифрландыру үдерісі және мемлекеттің әлеуметтік міндеттері де кеңінен сөз болды. Тұрғындар жаңа Конституцияның даму парадигмасын өзгертіп, жер асты байлықтарына тәуелділіктен гөрі адам капиталын дамытуға басымдық беретінін атап өтті.

Арғынбек Қалбаев, облыс тұрғыны:

Қарапайым мұнайшы ретінде мұнайшылардың құқығы, еңбек адамдарының мәртебесін. Көтеріп жатырғаны, сонымен қатар көптеген өзгерістердің болып жатқанын көріп жатырмыз. 3-бабтағы 2-тармақта адам капиталы, ғылым мен білім көтеру салаларындағы осы басымдылықтар шынында да елдің ертеңі үшін, елдің мүддесі үшін беретін тұстары өте көп.

Даржоқ Себағытов, облыс тұрғыны:

Келешекте біздің дамуымызға байланысты үлкен өзгерістер бар Конституцияда. Ол керек зат. Әсіресе халыққа жақын болу, демократия елдің өзін-өзі билеуі, халықтың алдында басшылықтың қалай есеп беруі, сайлануы, заң, мемлекет сосын халықтың өзінің құқығы жөнінде анық көрсетілген.


Бөлісу