Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат

Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат

Мән-мазмұны жағынан Жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық құжат. Яғни қоғамның барлық саласы қамтылған. Сондықтан да ашық талқылауға шығарылып, түрлі ұсыныс пен пікір айтылды. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Жалпыұлттық коалиция мүшелері шығысқа барып, Жаңа Конституцияны талқылады. Коалиция құрамындағы депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар өңірдегі бірнеше кездесу өткізіп Ата заңның әр бабын түсіндірді.

Жаңа Конституция саяси институттарды қайта жаңғыртып, елдің тиімді әрі заманауи басқару үлгісіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді. Шығыстағы зиялы қауым, ғалымдар мен студент, жастар  және этномәдени бірлестік өкілдерімен кездескен коалиция мүшелері жаңа Конституцияның міндет мүддесі туралы айтып берді.

Сатыпалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Жоба мемлекеттің болашаққа деген көзқарасын өзгертеді. Бұрын Конституцияда көбіне қалыптасқан жүйені бекітіп бар тәртіпті сақтауға бағытталған. Ал жаңа мәтінде болашаққа бағдар айқын сезіледі.

Уәлихан Тоқпатаев, Қазақстанның құрметті журналисі:

Қамтылмаған сала жоқ. Мәселен өнер, әдебиет, руханият саласы, азаматтық қоғам үшін де жетістік болайын деп тұр. Зияткерлік меншікке ерекше мән беріліп отыр. Бұл енді осы саланың дамуына өріс ашады деп ойлаймыз.

20 мыңнан астам адам еңбек ететін «Казцинк» кәсіпорнында болған кездесуде Аида Балаева металлургия саласының Қазақстан экономикасындағы шешуші рөлін атап өтті. Бұл – елдің экспорттық әлеуетін айқындайтын, халықты жұмыспен қамти алатын және құрылыс, машина жасау және энергетиканың дамуына ықпал ететін негізгі салалардың бірі. Ол Ата заңның жаңа редакциясы еңбек, қауіпсіздік және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу мәселелерін тікелей қамтитынын ерекше атап өтті.

Индира Оралханова, зауыт жұмысшысы:

Осы талқылаған жаңа Конституция әділдік пен тең құқықты одан әрі нығайтады  деп сенеміз.Сондықтан 15-наурыз күні өтетін рефепендумға қатысамыз және де еліміздің болашағына бағытталған бағдарламаларды қолдаймыз.

Коалиция мүшелері өңірдегі ауыл шаруашылығы және түрлі салада кәсіптен нәсіп тауып жүрген іскер өкілдермен де кездесті. Жаңа Ата заңда кәсіпкерлік үшін тәуекелдерді азайтса, ел үшін тұрақтылықты нығайтады. Яғни жекелеген өзгерістерді емес, еліміздің одан әрі даму жолын стратегиялық тұрғыда айқындайтынын құжат екенін Үкімет басшысының орынбасары ерекше атап өтті. Кәсіпкерлер ақпараттық топ мүшелеріне ой пікірлерін жеткізді.

Әлия Көңілхан, кәсіпкер:

Бұл жаңа Конституцияға дауыс беру бұл болашақ алдындағы әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Әрі еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтынымызды көрсету керекпіз. Жауапкершілік әр дауыс маңызды болады.

Нуына суы сай шығысқа былтыр 365 мыңнан астам турист келген. Сондықтан  коалиция мүшелеріне сала өкілдері өздері атқарып жатқан жұмыстарын жеткізді. Ата заң жобасындағы барлық бап қоғам талабына толық кепілдік беріп отыр. Ал экология мәселесі бөлек баппен айқындалды.

Сымбат Рамазанов, облыстық туризм кеңесінің төрағасы:

Преамбуланың өзінде табиғатты қорғау мәселесі қарастырылған. Сондықтан бұл жаңа бап боп туризм саласындағы заңның қабылдануына жаңа талаптардың енгізілуіне ықпалын тигізеді. Табиғатты қорғау туризмді қорғау деген сөз.

Шығыстағы ел жұртпен кездесуді қорытындылай келе Үкімет басшысының орынбасары Аида Балаева ескі Ата заң өзінің тарихи міндетін толық орындады, ал жаңа Конституция жобасы мемлекеттік басқарудың тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастыратынын атап өтті.


Бөлісу