Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасының негізгі авторларының бірі. Бұл туралы Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай айтты. Оның сөзінше басты құжат жобасын әзірлеу барысында Мемлекет басшысы мәтінмен жеке өзі тікелей жұмыс істеген. Азаматтардан және қоғамдық ұйымдардан келіп түскен сындарлы ұсыныстарды оқып, жіті зерделеген.
Айбек Дәдебай, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:
Одан соң кеңесшілермен, сарапшылармен бірге негізгі заңның кіріспесін, бөлімдері мен баптарын жазумен, оны өңдеумен тыңғылықты түрде айналысты. Жалпы жаңа Конституция жобасының мәтінінде Мемлекет басшысының саяси бағдарының басты қағидаттары, қоғам мен мемлекеттің дамуына қатысты көзқарасы, сондай-ақ ұстанымдары кеңінен көрініс тапқан. Сол себепті Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз.
Сондай-ақ Айбек Дәдебайдың айтуынша, бүгінде республикалық референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алдағы жалпы халықтық дауыс беру шарасы әрбір азамат үшін айрықша маңызға ие. Сондықтан барлық құқықтық рәсімдердің сақталуы мен заң талаптарының қатаң орындалуы басты назарға алынған.
Айбек Дәдебай, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы:
Жалпы Президент соңғы жарты жыл ішінде аптасына кемінде бір рет, кейде одан да жиі түрде әуелі Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобының өкілдерімен, жетекшілерімен, одан кейін Конституциялық комиссияның жетекшілерімен кездесіп отырды. Бұл кездесулер кейде бір сағаттан астам уақытқа созылатын. Осыдан-ақ біз жұмыстың қандай қарқынмен жүргенін аңғара аламыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09