Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Көкшетауда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды. Мамандар облыста ерекше күтімді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып келеді дейді.
Мәселен, өңірде 13 мыңнан астам ерекше білім беруді қажет ететін бала тіркелген, олардың 824-інде аутизм белгілері бар. Жаңа орталық 30 орынға шақталған. Оның негізгі мақсаты ерекше балаларды әлеуметтендіру, бейімдеу және олардың коммуникациялық дағдыларын дамыту. Шамамен 40 маман тәрбиеленушілерге қоғамға бейімделу үшін қажетті негізгі дағдыларды үйретеді, деп жоспарланып отыр.
Сәуле Молғаждарова, орталық директоры:
Орталықта қысқамерзімді, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін топтар қарастырылған. Бұл жерге қабылдау кезінде балаларға диагностика жүргізіліп, нәтижесіне қарай тиісті топқа бөлінеді. Сондай-ақ тәрбиеленушілер үшін тегін ыстық тамақ қарастырылған.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10