Басты Жаңалықтар Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Елімізде балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрлігі заң жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Нақтырақ айтқанда, кәмелетке толмағандар TikTok, Instagram сияқты желілер мен YouTube секілді онлайн платформалардан аккаунт аша алмайды. Тек мессенджерді ғана пайдалана алады. Осылайша, балалар зиянды және заңсыз контенттен қорғалмақ. Заң жобасына қатысты тұрғындардың пікірін сұрап көрген едік, бірге тыңдайық.

Meta компаниясы жүздеген мың аккаунтты бұғаттады

Дәл осындай практиканы Австралия қолданып бастады. Ел билігі Американың Meta компаниясының Instagram, Facebook, Threads тәрізді әлеуметтік платформалардағы жасөспірімдердің аккаунттарын бұғаттауға кіріскен. Елде балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң 10 желтоқсанда күшіне енеді. Австралия үкіметі де бұл заңды өскелең ұрпақты зиянды контенттен қорғау үшін қабылдаған. Тыйымды ата-аналардың көбі қолдап отыр.


Бөлісу