БҚО-да шаруалар тоғанның жекеге өтуіне наразы
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының шаруалары мал суарып отырған шағын тоған жекеге өтіп кете ме деп алаңдайды. Ал құзырлы орындар су айдынын тіркеп, балық шаруашылығын дамытуға жалға бергісі келеді. Әжібай ауылының тұрғындары да бұған қарсылығын білдіріп, Ұлттық арна тілшілеріне шағымын айтты.
Жұмыр тоғаны – кеңес кезінде көлдің суын бұрып, бөгет салу арқылы қалыптасқан су айдыны. Қар суымен ғана толығады. Жыл он екі ай төрт түліктің – мыңғырған малдың суаты.
Наурыз Қуаныш, шаруа қожалығының жетекшісі:
2019 жылы осы жерден жер алып, 1800 гектар, осында көшіп келдік. Осы бөгетті паналап келген едік. Осыннан су аламыз, мал суарамыз деп. Қазір осы бөгетті қолданып отырмыз. Бізден басқа мұнда 5 шаруа қожалығы бар. Жекенің малы бар осында су ішіп отырған. Талабымыз - жекеге өтпесе дейміз.
Тұрғындар тоған суы бүлініп кетпесін деп шабақ салған. Алайда жекеге өтіп, балық саны көбейсе, «су бүлінеді, мал ішетін су қалмайды, айдынды қоршап тастайды» деп қауіптенеді.
Ерғали Зайнуллин, шаруа қожалығының жетекшісі:
Жаздың өзінде 2 мың жарым бастай ірі қара су ішеді. Оның үстіне жылқы бар. Жеке ауыл тұрғындарының малы бар, 300-400 бас. Былтыр Жұмыр бекеті конкурсқа беріліп, жекеге өтеді деп естігесін, біз халық болып, ел болып, қарсылық білдіреміз жекеге өтуіне, балық шаруашылығына беруге. Жекеге алған адам қоршап тастамасына, кім кепіл?!
Ерғали Жорасов, бақташы:
Ауылдың жеке малын осы Жұмыр бөгетінде жазғы орында сәуірден қарашаның аяғына дейін бағамын. Кісілер келіп, судың деңгейін тексеріп, балық өсіруге қолайлы ма, соны қарап кетті. Оған біз қарсымыз.
Расымен де, жазда Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының мамандары тоған суын зерттеген. Әжібай ауылының тұсындағы Жұмыр қыстағының жері ауданға қарағанымен, суы республикалық мекемелердің иелігінде. Жалпы, өңірде 176 су айдыны болса, солардың 58-інде балық шаруашылығымен айналысуға рұқсат етілген.
Гүлсара Ермұханова, облыстық Балық инспекциясы басқармасының бас маманы:
2025 жылғы ғылыми зерттеу бойынша бұл тоған көлде тауарлық балық өсіру шаруашылығымен айналысуға жарамды деп танылды. Бұл су айдыны қазіргі таңда ешқандай балық шаруашылығы субьектісіне бекітілген жоқ. Бекітіліп берілген жағдайда да ол жерді қоршауға немесе жергілікті тұрғындарға мал суаруына кедергі жасауға құқысы жоқ.
Жауапты мамандардың айтуынша, қазір тоғанның төлқұжаты жасалып жатыр. Кейін жергілікті маңызы бар су айдындары тізіміне енгізілмек. Казталов аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары да тоғанды жалға беруге қарсылығын білдіріп, облыстық Табиғи ресурстар басқармасына хат жазған. Әзірге мәселе басы ашық күйінде қалып отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атажұртқа қоныс аударған қандастардың қатары көбейді
03.12.2025, 20:54
«World Skills Kazakhstan – 2025» чемпионаты басталды
03.12.2025, 20:53
Футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
03.12.2025, 20:51
Мемлекет басшысы Ж.Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
03.12.2025, 20:51
Ерлан Қошанов: Әр депутат қойған сұрақтың артында өзекті мәселе тұр
03.12.2025, 20:49
Бет-жүзін толық жапқандар жауапкершілікке тартылады
03.12.2025, 20:10
Тағдыр тартысында жеңіске жеткен
03.12.2025, 20:10
Елде 620 жеке стоматологиялық клиника тексеріледі
03.12.2025, 20:07