Ерлан Қошанов: Әр депутат қойған сұрақтың артында өзекті мәселе тұр
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов азаматтардың өтініштерін қарау туралы Үкімет есебі бойынша депутаттар көп сұрақ қойғанын, алайда берілген кейбір жауаптың мардымсыз екенін айтты. Ол Үкімет мүшелерін сырғытпа жауаппен шектелмей, өңірлерге барып, шешім қабылдауға, нақты нәтиже көрсетуге шақырды. Сонымен қатар Ерлан Қошанов өңірлердегі өзекті мәселелер Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында да көтерілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы олардың көбінің жүйелі шешімін ұсынып, нақты тапсырмалар берді. Мәжіліс спикері бұл міндеттердің орындалу барысы депутаттардың тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Шынында, өңірлерде мәселе көп. Оны күні кеше өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында көрдік. Оған өздеріңіз де қатыстыңыздар. Қаншама мәселе көтерілді. Түстен кейінгі 6 секцияның өзінде тағы да 100-ден астам мәселе ортаға салынды. Мемлекет басшысы сол жерде осы мәселелердің көбінің жүйелі шешімін ұсынды, нақты тапсырмалар берді. Олар қалай орындалады, қалай аяғына дейін жеткізіледі? Бұл Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында болады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00