Ақмола облысына 650 млрд теңге инвестиция тартылған
Биыл Ақмола облысы инвестиция тартудан көш бастап тұр. Жыл басынан өңірге 650 млрд теңге көлемінде қаржы тартылған. Бұл 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Қазір өңірде 6 индустриалдық аймақ бойынша 100 шақты жоба іске асырылып жатыр. Мәселен, «Кокshe Indastri» индустриялдық аймағында кірпіш зауытының құрылысы қарқын алды. Өндіріске жергілікті инвестор қаржы салған. Жылына 60 млн дана кірпіш шығарады. Құрылысқа 50 шақты жұмысшы тартылған. Кейін зауыт іске қосылғанда 170 адам жұмысқа орналасады.
Есімхан Байғабылов, кірпіш зауытының директоры:
Құрылыс жұмыстарын шілде айында бастаған болатынбыз. Жоспар бойынша бұл зауыт бірінші кірпішін 2026 жылдың қазан айында шығармақшы. Бұл зауыттың ерекшелігі - негізі бүкіл тартылатын шикізатымыз осы облысымызда орналасқан. Лицензия алынды. Екі лицензиямыз бар. Тағы екеу аламыз. Кен орындарын өндіру үшін.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25