Шағын және микробизнес иелерін субсидиялау басталды
Жыл басынан ақмолалық кәсіпкерлердің 71 жобасы 8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Ал желтоқсанның бірінен бастап шағын және микробизнес иелеріне 200 млн теңгеге дейін несие берілмек. Оның 40%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.
Хамит Әкімов - 14 жыл бойы облыстық аурухананың жақ-бет
хирургиясы бөлімшесінде қызмет еткен білікті дәрігер. Бүгінде ол мемлекеттік қолдаудың арқасында
субсидия алып, жеке стоматологиялық
кабинетін ашып отыр.
Хамит Әкімов, жеке кәсіпкер:
«Даму» қоры бізге ғимаратты сатып алуға үлкен көмегін тигізді. 55 млн теңгеге шықты. Соның 8 пайызын «Даму» қоры арқылы алдық. Субсидия жас кәсіпкерлерге өте қолайлы бағдарлама.
Ал желтоқсанның бірінен басталған жаңа субсидиялау бағдарламасына өндіріс, білім беру, медицина, туризм, логистика, баспа және ветеринария саласындағы кәсіпкерлер қатыса алады.
Ботагөз Хасенова, «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры:
Осы жолы тек шағын және микробизнес иелері ғана мемлекеттік қолдауға ие. Несиенің пайыздық үстемақысы 22 пайыз. Оның 40 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Сөйтіп кәсіпкер үшін пайыздық үстемақы тек 13,2 процент болмақ. Әлеуметтік кәсіпкер үшін одан да төмен.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25