Басты Жаңалықтар Зеленский кеңсесі басшысының үйі тінтіліп жатыр

Зеленский кеңсесі басшысының үйі тінтіліп жатыр

Украинаның коррупцияға қарсы органы президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың үйін тінтіп жатыр. Айта кетсек, Ермак - соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздегі басты тұлғалардың бірі.

Саясаткердің өзі тінтуді растап, тергеушілермен толық ынтымақтасып жатқанын мәлімдеді.

Осы айдың басында Украинаның мемлекеттік атом компаниясында жүздеген миллион доллар пара алу схемасы бойынша тексеру басталды. Атышулы іске байланысты Энергетика және Әділет министрлері отставкаға жіберілді. Ал Ермактың жемқорлыққа тікелей қатысы расталған жоқ. Және де Владимир Зеленский өз әкімшілігі жетекшісін отставкаға жібермейтіні мәлім болып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл тінту Киевке АҚШ қолдаған бейбіт жоспарды қабылдау жөнінде қысым күшейген шақта жүргізіліп жатыр.

Бөлісу