Басты Жаңалықтар Ауыл әкіміне үміткерлерге қойылатын талап күшеюі мүмкін

Ауыл әкіміне үміткерлерге қойылатын талап күшеюі мүмкін

Алдағы уақытта ауыл әкімі болуға қойылатын талап күшеюі мүмкін. Партиялар өз кандидаттарын міндетті түрде біліктілік курсынан өткізуі тиіс болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Ауылдық әкімдердің диалог алаңы» республикалық форумы аясында өтіп жатқан панельдік сессияда мәлімдеді. Айтуынша, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы қазір Парламентте қаралып жатыр. Бұдан бөлек, жиында жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері де талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер қатарына сайланбалы мемлекеттік қызметшілер санаты қосылатыны да айтылды. Сонымен қатар, сайланбалы мемлекеттік қызметшілер санатын енгізу және қызметке қабылдау, қызметтен босату тәртібі өзгеретіні сөз болды.         

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Жаңа заң жобасында қазіргі таңда ауыл әкімдерінің мәртебесі және олардың әрі қарай қызметін орындауы, олардың атқаратын функцияналдық міндеттеріне байланысты біраз нәрселер қарастырылған. Ол әрі қарай да жетілдіріледі.Біздің алға қойған мақсатымыз ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру.


Бөлісу