Басты Жаңалықтар СҚО-да тұрғындар өтемақы төлеуді талап етті

СҚО-да тұрғындар өтемақы төлеуді талап етті

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Шаховское ауылының тұрғындары қаздардың «құс тұмауынан» қырылғанын дәлелдей алмай жүр.

Жергілікті ветеринариялық станцияның мәліметінше елді мекенде 7 мыңға жуық қанатты өлген. Мамандар оған пастереллез себеп болғанын мәлімдеген еді. Талдау нәтижесімен келіспеген тұрғындар тәуелсіз сараптама жасатқан. Оған сәйкес қанаттылар құс тұмауының ең қауіпті формасы H5N1-ді жұқтырғаны анықталды. Тұрғындар карантин жарияланып, мемлекет тарапынан өтемақы төленуін талап етіп отыр.

Жанат Ғаббасов, кәсіпкер:

Шығынның 50 пайызын төлейміз, бірақ қашан қай уақытта төлейтініне жауап жоқ. Құжат түрінде ешқандай дәлел бермейді оған. Пастереллез ол енді төлемге жатпайтын ауру. Мысалы үшін ол төлемге жатпайтын болса, даже сол 50 пайызын төлегеннің өзінде да ол заңсыз.

Пастеррелез қауіпті аурулар санатына жатқанымен, мемлекет тарапынан өтемақы берілмейді. Тәуелсіз сараптама Алматы қаласындағы вирусология және микробиология инстутында жасалған. Ғылыми орталық мемлекеттік аккредитацияға ие. Алайда жауапты орган өкілдері талдау нәтижесі қабылданбайтынын жеткізді. Ал елді мекенде шектеу шаралары енгізлді.

Ербол Багенов, Қызылжар аудандық Ветеринариялық станциясының директоры:
Қызылжар ауданының мал дәрігерлерімен бірнеше рет сараптамалар алынды. Осы облыстық орталық зертханаға, Астанадағы зертханаға, Ұлттық референттік зертханаға жіберілді. Пастереллез ауруын анықтауын алдық. Аса қауіпті ауруларды тек қана мемлекеттік аккредитация өткен ғана зертханалардың нелері қабыланады.


Бөлісу