Ақтауда Түркі тілдес елдердің мәдениет министрлері бас қосты
Ақтауда ТҮРКСОЙ елдерінің мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңеске ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Султан Раев пен Түрікменстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің мәдениет министрлері және вице-министрлері қатысты. Тараптар Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен президенттердің тапсырмаларын талқылады. Сонымен қатар, 2026 жылы Түрксой ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылатын болды. Кездесу қорытындысында ұйымға мүше елдердің декларациясы қабылданды. Айта кетейік, биыл Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында, 30-ға жуық ауқымды шара ұйымдастырылды. Ендігі кезек өзбек еліне берілді. 2026 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы - Андижан қаласы болып белгіленді.
Сердар Чам, Түркия республикасының Мәдениет
және туризм вице-министрі:
Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін абыроймен алып шықты. Ауқымды шаралар өтіп, мемлекет аралық байланыс нығайды. Түркітілдес елдердің мәдениеті бір ортада тоғысып, бауырластығымыз арта түсті. Маңғыстау өңірінің туристік әлеуетінің артуына да зор септігін тигізді.
Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:
Ақтау өзінің масштабы бойынша да, өзінің қамтыған мәселелері бойынша да, іс-шаралардың сапасы бойынша өте жоғары іс-шара болды. Ақтауды дүниеге таныттық, бір ғана Қазақстан, түркі дүниесінде емес, Еуропадағы, Америкадағы, басқа да мемлекеттерде Ақтау жөнінде жақсы сөз болды. Ашылу салданатында 150 мың көруші келді. Мұндай тарихта болған емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы