Басты Жаңалықтар Оксфорд студенттері қазақ тілін үйреніп жүр

Оксфорд студенттері қазақ тілін үйреніп жүр

Ұлы Абайдың тілін меңгеруге ниет еткен жастар былтырдан бері тілді меңгеруде. Бұл іске Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Оксфорд университетіне қарасты «Бір сөз» бастамасы қолдау білдірген. Алдағы жоспар тіл үйренушілердің деңгейін бір сатыға көтеру.

Дидар Садық, Оксфорд университетінің қазақ тілі пәні мұғалімі:

Біз осы материалдарды, грамматикалық құралдарды Оксфорд студенттеріне сай етіп, әлі де әзірлеп жатырмыз. Бұл жоба келесі жылы да, келесі академиялық жылда да өзінің жалғасын табады. Қазір қазақ тілін он шақты студент меңгерді. Көпшілігі Орталық Азия туралы зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген жастар. Олар сондай-ақ сенбі сайын тілді жаттықтырып, сөйлеп үйрену үшін клубқа қатысып, шеберліктерін шыңдайды, салт-дәстүрлерімізді үйренеді.

Эндрю, Оксфорд университетінің студенті:

Сәлеметсіз бе! Менің атым Эндрю. Мен Америкаданмын. Қазір Оксфордта оқимын, тұрамын. Менің мұғалімім өте жақсы адам және жақсы оқытушы.


Бөлісу