Мәжіліс төрағасы Аустрия Парламентінің өкілін қабылдады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Аустрия Парламентінің төменгі палата төрағасының орынбасарын қабылдады. Ерлан Қошанов Аустрия Қазақстан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін, Мемлекет басшысы тиімді әрі әртарапты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін жеткізді. Сондай-ақ тараптар екі ел парламентшілері арасындағы саяси диалогтың нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен бірге, елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берді. Ал Петер Хаубнер екі ел арасындағы берік қарым-қатынастың кепілі болатын парламентаралық диалогты жан-жақты нығайтудың маңызына тоқталды. Цифрландыру саласында және осы бағыттағы ең озық жобаларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктері зор екенін айтты. Сонымен қатар аустриялық кәсіпкерлердің Қазақстанмен бірлескен жобаларды кеңейтуге ерекше қызығушылығы бар екенін айтып, сауда, машина жасау, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика бағыттарындағы ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы