Ақ үйдің жанындағы атыста 2 жауынгер ауыр жараланды
Вашингтондағы Ақ үйдің қасында атыс болып, Ұлттық гвардияның екі жауынгері жараланды. Қазір олар ауыр халде жатыр. Мұны Федералдық тергеу бюросының директоры Кэш Патель мәлімдеді.Шабуылшының өзі де жараланып, тұтқындалды. АҚШ үкіметі өкілдерінің сөзінше, ол Құрама Штаттарға Ауғанстаннан 2021 жылы барған.
Президент Дональд Трамп бұл оқиғаны «террор актісі» деп
атап, әрбір ауғандықты тексеруді тапсырды. Сонымен қатар Трамп Вашингтонның
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 500 сарбаз жөнелтуге бұйрық берген.
ФБР қазір шабуылдың себебін Ішкі қауіпсіздік
министрлігімен және АҚШ Құпия қызметімен бірлесіп анықтап жатыр. Осы атыстан
соң, Ақ үй карантинге жабылды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25